top of page

«Halyq Qurmeti — 2020» сыйлығы жобасы
2020 жылғы 1-30 желтоқсан аралығында Қор Halyq Qurmeti-2020 бірегей сыйлығын тағайындады.
Сыйлық медицина қызметкерлері мен ұйымдарды медицина саласындағы үздік кәсібилігі, сондай-ақ Қазақстандағы COVID-19 коронавирусының пандемиясымен күреске қосқан зор үлесі үшін көтермелеу үшін тағайындалған.
Сыйлық алуға 808 өтінім берілді, оның ішінде 757 (94%) - медицина қызметкері, 51 (6%) – медициналық ұйым. Лауреаттарға 2 миллионнан астам дауыс берілді.
Сыйлық лауреаттары 51 медицина қызметкері мен ұйым болды.
«QURMETTI DÁRIGER» жеке номинациясы мен атағы ҰҒКО КЕ АҚ басшысы – Пя Юрий Владимировичке берілді.
Сыйлықтың жалпы қоры 220 000 000 теңгені құрады.
bottom of page