
HALYK қайырымдылық қоры
«Халық» қайырымдылық қоры 2016 жылы еліміздің өмірінің аса маңызды салаларында ауқымды қайырымдылық: әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және білім жобаларын іске асыру мақсатында құрылған.
«Халық» қайырымдылық қоры өз жұмысында ашықтық, айқындық және транспаренттілік қағидаттарын пайдаланады, өз қызметін бүкіл республика бойынша жүзеге асырады және бүкіл ел бойынша адамдардың басым көпшілігі үшін елеулі әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылады.

Қордың басты міндеті
әлеуметтік және қайырымдылық инвестициялардың барынша тиімділігіне қол жеткізу.
Қордың миссиясы
Қазақстан Республикасында қайырымдылық мәдениетін дамыту, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуде оң өзгерістерге ықпал ету, білім беруді, спортты, мәдениетті дамыту арқылы әлеуметтік көмек пен білімге тең қол жеткізу үшін жағдай жасау.
Қордың негізгі қызмет
бағыттары мен жобалары

BIRGEMIZ.KZ
краудфандингтік онлайн платформасы