«Мирас» мектебі үшiн гранттар

Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің грант берілу байқауы аясында «Халық» Қайырымдылық қорының Қамқоршылар кеңесінің шешімімен дарынды, ынталы балаларға еліміздегі ең үздік оқу орындарының бірінде лайықты білім алуға мүмкіндік беретін 2 қосымша грант құрылды. Балалар мен жасөспірімдер арасында сапалы білім беруді дамыту саласындағы бағдарламаларды қолдау – «Халық» Қоры қызметінің басым бағыттарының бірі.

Байқау дарынды балаларды қолдауға және Қазақстанның барлық өңірлеріндегі балалардың мектепте іске асырылатын халықаралық білім беру бағдарламаларына қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Байқауға Алматы қаласы мен республиканың жалпы білім беретін мектептерінен, гимназиялары мен лицейлерінен 100 -ден астам оқушы қатысты.

Байқаулық іріктеудің ең жақсы нәтижесін көрсеткен Аманғалиева Әйгерім (100 -ден 98), сонымен қатар тестілеу нәтижелері бойынша жоғары нәтиже көрсеткен Самат Ясир, «Халык» Қорының грантының иегерлері болып атанды.

  • Instagram
  • Facebook
  • YouTube

©2021 HALYK қайырымдылық қоры