top of page

«Almaty Digital Ustaz»

«Халық» қайырымдылық қоры «Almaty Digital Ustaz» байқауын қолдауға 25 000 000 теңге бөлді.


Almaty Digital Ustaz 2021 – цифрлық құзыреттіліктерді арттыруға бағытталған мұғалімдер арасындағы алғашқы байқау.


Байқаудың мақсаты – технологияны пайдаланудағы цифрлық теңсіздікті азайтуына ықпал ету, мектепте цифрлық инфрақұрылымды тиімді пайдалану, оқытудың жаңа әдістерін кеңейту және Алматы қаласын жаңа білім беру орталығы ретінде таныту.

Байқаудың негізгі миссиясы – білім алушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін білім берудегі цифрлық технологияларға және цифрлық мазмұнға кең қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы білім берудің жаңа архитектурасы мен мазмұнын қалыптастыру.


Байқау «технологиядан қорықпайтын, бірлескен білім беруді және цифрлық технологияларды таңдайтын, заманауи білім беру мазмұнын жасайтын «Digital Ustaz» цифрлық дәуірінің мұғалімі болу» мұғалімнің жаңа қасиетін айқындайды.

Байқауға қатысуға Алматы қаласының мұғалімдерінен 3000-нан астам өтініш келіп түскен. Байқау аясында байқау тапсырмаларын орындауынан бұрын сандық педагогиканың кең ауқымды мәселелерін қамтитын білім беру интенсивтік сабақтары және әлемге танымал практиктерден шеберлік сабақтары өткізілді.


Алматыда жыл сайынғы қалалық мұғалімдердің «Almaty Digital Ustaz» байқауы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды және «Алматы қаласының мектептер» деп аталатын Алматы қаласының білім беру қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті.

  • Instagram
  • Facebook
  • YouTube

©2021 HALYK қайырымдылық қоры

bottom of page