
«NISKYRAN x SWB» командасын қолдау
9-12 сынып оқушылары алғаш рет еліміздің мүддесін әлемдегі ең үлкен және маңызды робототехника жарыстарының бірі HOUSTON FIRST TECH CHALLENGE WORLD CHAMPIONSHIP финалында қорғау мүмкіндігіне ие болды. «Халық» қайырымдылық қоры «Назарбаев Зияткерлік Мектебінің» дарынды оқушыларына қолдау көрсетіп АҚШ-қа баруға және лицензияларына қажетті сомманы бөлді.
2022 жылдың сәуір айында «Назарбаев Зияткерлік Мектебінің» физико-математикалық бағыттағы Алматылық оқушылар командасы Хьюстон қаласындағы робототехникадан халықаралық жарыстың финалына қатысты. FIRST Чемпионаты жастар арасындағы робототехника жарысы маусымының қорытынды халықаралық оқиғасы және жыл сайынғы ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) салаларындағы айтулы оқиға.
Балалар үшін робототехника бойынша HOUSTON FIRST TECH CHALLENGE WORLD CHAMPIONSHIP халықаралық жарыстарының финалына қатысу өте маңызды - бұл жарыстардың барлық қатысушылары арнайы FIRST Alumni мәртебесінің иегерлері болады. Бұл әлемнің беделді университеттерінде оқуға арналған стипендиялар мен гранттарды алуға мүмкіндік береді.
20-23 сәуірде өткен жарыстың қорытындысы бойынша «NISKYRAN x SWB» командасы өте жақсы өнер көрсетіп, 160 команданың ішінен 57-ші орынды иеленді, командалар арасында үздік 3-тікке енді!
Барлық команда мүшелері (15 оқушы және 2 ұстаз) үшін халықаралық чемпионатқа қатысу ұмытылмас болды – олар жаңа тәжірибе алды, басқа елдерден келген қатысушылармен танысып, достасып, білім алмасып, одан әрі ынталанып, шабыт алды.