
Астана Опера
(Нұр-Сұлтан қ.)
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған.
Бүгінде «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры қазақстандық классикалық өнердің флагманы және бүкіл Қазақстанның мәдени символы болып табылады.
2021 жылы «Халық» қайырымдылық қоры көптеген шығармашылық және халықаралық жобаларды жүзеге асыру, театр қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету, техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында театрдың демеушісі болды.
Қазіргі уақытта «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры театр жанынан вокал академиясын құруда, оның мақсаты вокал техникасын дамыту және жетілдіру, сондай-ақ театрдың шығармашылық қызметкерлерінің музыкалық және сахналық мәдениетін арттыру болып табылады. «Халық» қоры көрсеткен қайырымдылық көмек бірінші кезекте академияны дамытуға бағытталады.