
2022-2023 «Мирас» мектебіне гранттар
2022 жылдың 6-7 қазанында Астана және Алматы қалаларындағы«Мирас» халықаралық мектептерінде білім алуға гранттар тағайындалды. Гранттарды «Халық» қайырымдылық қоры және «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» қоғамдық қоры тағайындады.
2022 жылғы сәуір-тамыз айлары аралығында «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» ҚҚ 2022-2023 оқу жылына арналған 9-11 сынып оқушылары үшін Астана және Алматы қалаларының «Мирас» халықаралық мектептерінде оқуға гранттар алуға II ашық конкурс өткізді.
Конкурсқа 146 үміткер тіркелді, 110 қатысушы тестілеуден өтті (74 оқушы Алматыда және 36 оқушы Астанада).
«2022-2023 оқу жылы оқуға гранттар алуға арналған конкурсты өткізу ережелеріне» сәйкес Астана және Алматы қалаларының «Мирас» халықаралық мектептерінде конкурстық іріктеуде мейлінше жоғары нәтижелер көрсеткен студенттер таңдалды.
«Халық» қайырымдылық қоры» қызметінің басым бағыттарының бірі - еліміздің үздік білім беру мекемелерінде білім алу үшін гранттар бөлу арқылы талантты және дарынды жастарды қолдау болып табылады. «Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ-дан 100% грант иегерлері Бисембі Досжан, Назар Беркімбай, Ықыласбеков Мирас, Муслимов Әбубәкір болды.
«Халық» қайырымдылық қоры барлық грант иегерлерін лайықты нәтижемен және армандарыңыздың орындалуымен шын жүректен құттықтайды! Бұл жас баралардың өміріндегі жаңа қадам, біз оларға сенімді түрде табысқа ұмтылуды, әрқашан көпке ұмтылуды және мұнымен тоқтап қалмауды тілейміз!