top of page

«Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акция жобасы, 03.2021ж.

2021 жылғы наурыз қарсаңында «Халық» қайырымдылық қоры «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» деп аталатын ауқымды қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

«Халық» қоры COVID-19 пандемиясының және онымен байланысты карантиндік шаралардың салдарынан қиын материалдық жағдайға тап болған аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктерімен балалары бар отбасылар үшін азық-түлік жиынтықтарын сатып алды.

Қор бизнесмендермен және компаниялармен бірлесіп, Қазақстанның 17 өңірінде жалпы сомасы 999 386 297 теңгеге 38 665 азық-түлік жиынтығын ұйымдастырып, қалыптастырды. Акцияға еліміздің белгілі бизнесмендері мен компаниялары - Қайрат Боранбаев, Данияр Әбілғазин, Диас Сүлейменов, Кеңес Рақышев, «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы, «AYALA» қайырымдылық «Eurasian Resources Group» холдингі, Болат Өтемұратов қоры, «Қазақмыс» корпорациясы қолдау көрсетті.

Жинаққа ең қажеттісі: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпиттер - әр отбасы үшін 50 келі өнім, барлығы 2 миллион кг-нан астам өнім.

Қордың бастамасын еліміздің еріктілері бірден қолдады, олар азық-түліктің атаулы жеткізілуін қамтамасыз етті. Азық-түлік себеттері әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес таратылды.

Халықтың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын анықтау үшін көмек алған 20 мыңнан астам отбасыға сауалнама жүргізілді

2021 жылы акцияның тағы үш толқынын өткізу жоспарланған, онда жүргізілген сауалнама барысында анықталған халықтың қажеттіліктері ескерілетін болады.

  • Instagram
  • Facebook
  • YouTube

©2021 HALYK қайырымдылық қоры

bottom of page