
«Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акция жобасы, 07.2021ж.
«Ел тірегі - ЕЛБАСЫ» акциясы - бұл әлеуметті маңызды қайырымдылық бастама, оның аясында елдің барлық аймақтарында жүйелі түрде аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктерімен балалары бар отбасыларға азық-түлік көмегі көрсетіледі.
2021 жылы шілде айында бүкіл Қазақстан бойынша кезекті «Ел тірегі - Елбасы» қайырымдылық акциясы аясында «Халық» қоры 20 000 отбасына көмектесе алды. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 500 миллион теңгеден асты. Азық-түлік себеттерін Қор бұрын көмек көрсеткен мұқтаж отбасылар алды.
Себеттерге ең қажетті: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпиттер кірді - әр отбасыға 50 килограммнан азық-түлік, барлығы 1 миллионнан астам кг азық-түлік. Азық-түлік себеттерінің таратылуы облыс Әкімдіктері ұсынған тізімдерге сәйкес еріктілермен жүзеге асырылды.
Акцияға қатысушылар отандастарымыздың өмірін жақсы жаққа өзгерте отырып, игі істер жасауға ұмтылады. «Халық» Қоры мұқтаж азаматтарды азық-түлікпен қолдау арқылы адамдарға өз қаражаттарын балаларының және отбасыларының басқа шұғыл қажеттіліктеріне бағыттауға мүмкіндік береді.