top of page

«Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акция жобасы, 12.2021ж.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында «Халық» қайырымдылық қоры игі дәстүрін жалғастырып, Қазақстанның барлық аймақтарында «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» қайырымдылық акциясы қайта жалғастырды. Қазақстан Республикасы бойынша 20 000 отбасы тағы да азық-түлік себеттерін– жалпы сомасы 520 миллион теңгеге 1 миллион келіден астам қажетті азық-түлік алды. Мұқтаж отбасыларға салмағы 50 келі болатын өнімдер: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және жаңа жылдық тәттілер жиынтығынан тұратын жиынтық табысталды.

Тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға, сондай-ақ қиын материалдық жағдайға тап болған ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларға жүйелі негізде қолдау көрсетілді.

«Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясына бүкіл Қазақстан бойынша 1 мыңға жуық ерікті қосылды. Бұл негізінен әлеуметтік белсенді жастар, олардың көпшілігі Қор бастамаларын бірінші рет қолдап отырған жоқ.

  • Instagram
  • Facebook
  • YouTube

©2021 HALYK қайырымдылық қоры

bottom of page