top of page

Елге COVID-19 салдарымен күресуге көмектесу жобасы, 2020ж.

Қор төтенше жағдай режимі нағыз қауіп пен сынаққа айналған халықтың неғұрлым осал топтарынан тұратын отандастарымызды қолдау бойынша үлкен жұмыс жүргізді.

«Бірге мықтымыз» акциясы аясында 2020 жылдың сәуір айында Қор covid-19 пандемиясына байланысты қиын жағдайға тап болған және көмекке мұқтаж аз қамтылған және көп балалы отбасыларға 21 000-нан астам азық-түлік жиынтығын таратты. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 400 000 000 теңгені құрады. Жиынтықтар ең қажетті өнімдерді (күріш, қарақұмық, қант, макарон, ұн, май, шай, бұқтырылған ет, қоюландырылған сүт, карамель) қамтыды және Алматы қаласы мен Алматы облысындағы, Қарағанды, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Арқалық, Павлодар қалаларындағы отбасыларға берілді.

2020 жылдың шілдесінде қор коронавирустардың екінші толқыны кезінде қызыл аймақта ең ауыр және осал жағдайда болған Атырау қаласындағы мұқтаж отбасыларға 1 000 дәрілік – азық-түлік жинағын таратты. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 93 300 387 теңгені құрады. Жалпы салмағы 60 кг-нан асатын әрбір дәрілік–азық-түлік жиынтыққа Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасымен келісілген және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен COVID–19 емдеу хаттамасына енгізілген негізгі дәрілік препараттар, сондай-ақ өнімдер - күріш, ұн, қарақұмық, макарон, өсімдік майы, шай, қант, бұқтырылған ет, қоюландырылған сүт, тәттілер, жуғыш заттар, антисептикалық заттар мен медициналық маскалар енгізілді. Әр себеттің құны 93 300 теңгені құрады, оның ішінде 68 250 – азық-түлік, 25 050-дәрі-дәрмек.

2020 жылғы сәуірде Қор Елбасының бастамасымен коронавирустық инфекцияның салдарын жою үшін құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорына 4 323 000 000 теңге мөлшерінде көмек көрсетті.

Бұл ақша еліміздің түрлі өңірлерінен әлеуметтік жағынан осал азаматтарға (50 000 теңге есебінен 91,347 мың адам) материалдық атаулы көмекке жіберілді.

Коронавирустың екінші толқыны кезінде, 2020 жылғы қыркүйекте Қор бүкіл Қазақстан бойынша халыққа атаулы материалдық көмектің екінші толқынын төлеуге 849 700 000 теңге мөлшерінде «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорына қайтадан көмек көрсетті.

  • Instagram
  • Facebook
  • YouTube

©2021 HALYK қайырымдылық қоры

bottom of page