Клиникаларға медициналық жабдықтармен көмек көрсету жобасы, 2020ж.

2020 жыл ішінде «Халық» қайырымдылық қоры жалпы сомасы 488 193 422 теңгеге көмек көрсетті.

Соның ішінде 17 өкпені жасанды желдету аппаратын, ПТР диагностикасының 2 толық ауқымды мобильді зертханасын сатып алуды, жеткізуді және сервистік қызмет көрсетуді қаржыландырды. Жабдық Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының клиникаларына жеткізіліп, қойылды. Операторы «МедиЛаб»/«MediLab» ЖШС болды.

Көрсетілген жабдықты пайдалана отырып, өтеусіз негізде Алматы қаласы әкімдігінің қызметкерлері үшін 1300 қан алу көлемінде ПТР тестілеу өткізілді, Шымкент қаласы халқының әлеуметтік осал топтарына тегін ПТР тестілеу өткізілді, сондай-ақ халыққа тегін консультациялық қызметтер көрсете отырып, өңірлерге (Ордабасы ауданы, Бәйдібек ауданы) сапарлар жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, 2020 жылдың шілде айында Атырау қаласының "Геологская поликлиника" МКК үшін жалпы сомасы 114 680 000 теңгеге 1000 пульскоксиметрлер мен 100 оттегі концентраторлары сатып алынып, берілді.

Тамыз айында COVID-19-бен күресу үшін жалпы сомасы 734 000 000 теңгеге «Ремдесивир» және «Авифавир» қымбат медициналық препараттары сатып алынды және жеткізілді.

2020 жылдың қазан айында Қор ұйымдастырушы болып, ҚХР-дан гуманитарлық көмек партиясын тасымалдау үшін 32 930 800 теңге төледі.

ҚХР Үкіметінің гуманитарлық көмек партиясына 400 мың медициналық маска, 100 мың KN95 медициналық қорғаныс маскасы, 10 мың COVID-19 жедел тестілері, 10 мың медициналық қорғаныс костюмдері және 60 өкпені жасанды желдету аппараттары (ЖЖА) кірді.

Жүктің жалпы көлемі 8,9 тоннаны құрады, оның болжамды құны -750 мың АҚШ доллары. Алынған жабдықтар мен жеке медициналық қорғау құралдары Денсаулық сақтау министрлігінің келісімі бойынша өңірлер арасында бөлінді.

Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорындарынан – CNPC компаниялар тобынан 2020 жылғы желтоқсанда 4 млрд теңге мөлшерінде алынған көмек шеңберінде Private clinic Almaty/ Приват клиник Алматы» ЖШС үшін COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына дайындалу және SARS-CoV-2 туындаған жүрек-қантамыр жеткіліксіздігін емдеу үшін медициналық жабдықтар сатып алуға  1 697 312 161 теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.

Сондай-ақ, 98 448 750 теңге сомасына Ақтөбе облысының медициналық ұйымдары үшін 5 жедел медициналық жәрдем автокөлігі сатып алынды. Бұл жоба бойынша CNPC компаниялар тобымен одан әрі көмекті 2021 жылдың басында жүзеге асыру жоспарланып отыр.

  • Instagram
  • Facebook
  • YouTube

©2021 HALYK қайырымдылық қоры