top of page

Медицина қызметкерлеріне COVID-19-мен күресуге көмектесу жобасы, 2020ж.

Қор тікелей алғы шепте болған және инфекцияға жанқиярлықпен қарсы шыққандарға да көмек көрсетуден тыс қалмады.

Біздің медицина қызметкерлеріміз - бұл орасан зор жүктемеге, жұқтыру қаупіне, вирустың белгісіздігі мен моральдық күйзеліске қарамастан, қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығы үшін күресіп, қорғанысты сақтап қалған нағыз батырлар. Алғыс ретінде 2020 жылдың наурызынан мамырына дейін Қор медицина қызметкерлеріне 117 707 898 теңге ақшалай төлем жасады.

Сондай-ақ, 2020 жылдың сәуір айында Қор Жаңаөзен қаласының блок-бекеттерінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлерін жалпы сомасы 1 332 000 теңгеге ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

2020 жылдың мамыр айында Алматы қаласының қажеттіліктері үшін 20 010 000 теңгеге жеке қорғаныс құралдары сатып алынды.

  • Instagram
  • Facebook
  • YouTube

©2021 HALYK қайырымдылық қоры

bottom of page