top of page

Инватакси

2018 жылы «Инватакси» ауқымды әлеуметтік жобасы шеңберінде «Халық» қайырымдылық қоры «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның ынтымақтастығымен жүріп-тұруы шектеулі азаматтарды тегін тасымалдау үшін 21 мамандандырылған автомобиль сатып алды. Бұл арнайы көлік Қазақстанның 21 қаласындағы мүгедектердің аймақтық қоғамдарына тегін берілді. Жобаның жалпы құны 200 млн. теңгені құрады.

2019 жылы «Инватакси» ауқымды әлеуметтік жобасы жалғастырылды, қосымша 15 мамандандырылған автомобиль сатып алынды және жүріп-тұруы шектеулі азаматтарды тасымалдауға арналған өңірлік мүгедектер қоғамына өтеусіз берілді.

Жоба басталғаннан бері өңірлерге жалпы құны 336 млн. теңгеден асатын 36 арнайы автокөлік берілді. Олардың әрқайсысы мүгедектер арбасына арналған көтергіш құрылғылармен жабдықталған, оң жақ жылжымалы және артқы 180 градусқа айқарма есіктері мен айналмалы әйнектері бар салонға ие. Жобаның арқасында арнайы машиналар ірі және шағын қалаларға ғана емес, қажет болған жағдайда ауылдық округтерге де қызмет көрсететін болады.

  • Instagram
  • Facebook
  • YouTube

©2021 HALYK қайырымдылық қоры

bottom of page