top of page

Мектепке жол

«Мектепке жол» акциясы 2016 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. Соңғы 5 жыл ішінде «Халық» қайырымдылық қоры аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 4 000-нан астам бірінші сынып оқушыларын мектепке дайындады.

Бұл мақсатқа 54 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

2020 жылы дәстүрге айналған «Мектепке жол» ауқымды республикалық акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы еліміздің 24 қаласынан келген 600 бірінші сынып оқушысы еліміздің түрлі өңірлерінде Білім күнін қор жинаған және тегін берген рюкзактар мен оқу құралдарының мектеп жиынтығымен қарсы алды. «Халық» қорынан мектеп жинақтары жергілікті атқарушы органдар мен білім басқармалары қалыптастырған тізімдерге сәйкес бөлінген. Көмектің жалпы сомасы 11 772 000 теңгені құрады.

  • Instagram
  • Facebook
  • YouTube

©2021 HALYK қайырымдылық қоры

bottom of page