top of page

№1 балалар үйі

«Халық» қайырымдылық қоры жыл сайын әрбір тәрбиеленушіге өз қабілеттеріне сәйкес табысқа қол жеткізуге нақты мүмкіндік беретін білім беру бағдарламаларын іске асыруға ақшалай көмек бөледі.

Тәрбиеленушілердің тұруы үшін қолайлы жағдайлар жасауға, білім беру процесін жақсартуға, балалардың дене бітімі мен моральдық-адамгершілік тәрбиесіне, сондай-ақ оларды қоғамда одан әрі әлеуметтендіруге және бейімдеуге дайындауға ықпал ету мақсатында №1 балалар үйі, «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» Қоғамдық Қоры және «Халық» қайырымдылық қоры арасында 2017 жылғы 15 мамырда ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Осы ынтымақтастықтың арқасында соңғы бірнеше жылда балалардың үлгерімі артты (білім сапасы 26%-дан 38,5%-ға дейін). 9, 11 сынып түлектері колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу үшін қажетті мамандықтарды таңдау мүмкіндігіне ие болды.

2019 жылы «Халық» қайырымдылық қоры 10 млн.теңгеден астам қаржы аударды. 

2020 жылғы 27 тамызда Қорға ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саиннен Алматы облысының №1 балалар үйінің барлық ақшалай қаражаты (жинақталған мемлекеттік жәрдемақылар) ұрланған тәрбиеленушілері тап болған ауыр жағдай туралы хат келіп түсті. 22 оқушы мектеп бітіруші түлектер бітіру қарсаңында, одан әрі тәуелсіз өмір сүру үшін қаражатсыз қалған еді. Қор балалар үйінің тәрбиеленушілерін мұндай жағдайда қалдыра алмады, осыған байланысты Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімімен бес ай бойы балалар үйінің барлық 22 тәрбиеленушісіне 70 000 теңге мөлшерінде ақшалай төлемдер тағайындалды. Қайырымдылық көмектің жалпы сомасы 7 700 000 теңгені құрады.

  • Instagram
  • Facebook
  • YouTube

©2021 HALYK қайырымдылық қоры

bottom of page