Halyk Berekesi

Halyk Berekesi – халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға және өмірлік қиын жағдайға (ӨҚЖ) тап болған отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған жоба.

Бірінші «BEREKE CITY» жобасы 2016 жылғы 10 шілдеде құрылған және Алматы қаласы, «Мәдениет» шағын ауданында орналасқан. Жобаны іске асырудың барлық кезеңінде 50 отбасы қолдау алды, олардың 8-і кейіннен өз үйлерін сатып алды. Қазіргі уақытта «BEREKE CITY» пәтерлерінің жалпы саны - 65. 2020 жылғы шілдеде Halyk қоры 40 пәтерді жиһазбен және техникамен жабдықтауға 78 000 000 теңге бөлді, олар жасақтауға қаржыландырудың жоқтығынан бос болып тұрды.

Мәселеге жан-жақты қарау арқылы жоба кедейлік циклін бұзуға және отбасыға «аяққа тұруға» көмектеседі, сондықтан жобаны Halyk Berekesi жалпы брендімен масштабтау әдетке айналды.

Halyk Berekesi жобасы келесілерді қамтиды:

1. Жамбыл, Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарында және Шымкент қаласында көппәтерлі әлеуметтік тұрғын үйлер салу

Бірінші кезеңде 2021 жылы жалпы ауданы шамамен 4243,8 шаршы метрді құрайтын 2 төрт қабатты үйдің құрылысы жоспарлануда, онда бірінші қабаттар әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларына және жобаның бенефициарлары үшін оқыту орталықтарына арналған.

- Әрбір үй 48 пәтерге есептелген, оның ішінде 30 ш.м. пәтерлер 3 адамға дейін отбасына есептелген, 65 ш. м. пәтерлер 4 және одан көп адамнан тұратын отбасына есептелген.

2. Тұрғын үй бағдарламасы

Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасының уақытша тұруы: 1-3 жылға әлеуметтік көмек алуға шарт жасай отырып, тегін тұрғын үй ұсыну.

3. Сүйемелдеу және консультациялық қолдау: халықаралық стандарттарға, тәжірибеге және әдіснамалық базаға сәйкес ӨҚЖ-да қалған отбасыларды әлеуметтік бейімдеу

Отбасы жағдайын талдау негізінде психологпен және әлеуметтік қызметкермен жұмыс жасаудың кешенді бағдарламасы әзірленуде.

Бағдарлама сондай-ақ келесі: жәрдемақыларды рәсімдеу (мемлекеттен, ҮЕҰ-дан көмек алу), жұмысқа орналасу мәселелеріне жәрдемдесу, психологиялық және құқықтық консультация беру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қаржылық сауаттылық және т.б. бағыттар бойынша мамандардың көмегін қамтиды.

Осы кезеңде Қор келесі құрылымдармен: БҒМ, Білім басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, ҚР ІІМ (Әйелдер мен балалар істері жөніндегі инспекторлар, Қорғаншылық органдары), әкімдіктер, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен ынтымақтасады.

4. Балалар мен ересектерге қосымша білім беру: бейінді оқытудың кең спектрі ұсынылады

- Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды базалық өмірлік дағдыларға оқыту, жасөспірімдер, мектеп және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған курстар (ағылшын, сурет салу, қыздарға арналған қолөнер сабақтары және т.б.).

- Ересек бенефициарларды оқыту («Халықты жұмыспен қамту орталықтарының бағдарламалары» – шаштараз, тігінші, массажист, аспаз-кондитер мамандықтарын игеру, «Қаржылық сауаттылық» курстары және т.б.).

  • Instagram
  • Facebook
  • YouTube

©2021 HALYK қайырымдылық қоры