
SOS балалар ауылдарын құру жобасы
2020 жылы Қор «SOS Қазақстанның балалар ауылдары» қорын қолдау дәстүрін жалғастырды.
2019 жылы Алматы қаласы әкімдігі, «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» ҚҚ, Halyk қоры, «SOS Қазақстанның балалар ауылдары» корпоративтік қоры және «Алматы қаласының № 1 балалар үйі» КММ арасында жасалған әлеуметтік қолдау жүйесін нығайту және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқор отбасылық ортада толыққанды дамуы үшін, сондай-ақ олардың қалалық ортаға бейімделуі үшін ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде, «Халық» қайырымдылық қоры «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен бірлесіп Алматы қаласындағы «SOS Қазақстанның балалар ауылдары» әлеуметтік ұйымына жалпы ауданы 330 шаршы метрден астам, 120 млн.теңгеден астам сомаға екі төрт бөлмелі пәтер сатып алып, оны өтеусіз берді. Пәтерлерде күрделі жөндеу, отбасыларды қоныстандыру кезінде қажетті жиһазбен, техникамен және азық-түлікпен жиынтықтау өтеусіз негізде орындалды.
«Халық» қайырымдылық қоры SOS балалар ауылындағы 4 отбасылық балалар үйін жиһазбен және жабдықтармен, сондай-ақ ауыл түлектері үшін 2 біріктірілген пәтерді жиһазбен және жабдықтармен жабдықтады. Сонымен қатар, Қор SOS балалар ауылындағы 10 отбасылық үйде шкаф жиһаздарын қалпына келтірді. Қайырымдылық көмектің жалпы сомасы 23 974 740 теңгені құрады.
2021 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жан-жақты көмек көрсету, салауатты дамуына қолдау көрсету және қоғамға кейіннен әлеуметтендіру үшін «Халық» қайырымдылық қоры «Қазақстанның SOS балалар ауылдары» қорына кезекті 11 720 000 теңге көлемінде көмек көрсетті.
Алдағы уақытта Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қорымен бірлесіп, мемлекеттік балалар ауылдарын ауқымды қолдау жоспарланып жатыр, атап айтқанда:
- Орталықтандырылған басқаруды қалыптастыру, басқару кеңсесін қаржыландыру;
- Қамқоршылық сапасын арттыру және ересектердің қорғаншылығынсыз қалған балалардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін халықаралық тәжірибе мен әдіснамаларды енгізу