top of page

Спорт

Көптеген жылдар бойы «Халық» қайырымдылық қоры Қазақстандағы жастар спортына қолдау көрсетіп келеді және еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар үшін материалды-техникалық база құруға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жобаларды жүзеге асыруда.

Көрсетілген қолдау спортшыларға, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға жергілікті және халықаралық деңгейде кәсіби және әуесқой жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді.

«Қайрат» футбол клубының жобасы

2021 жылы «Халық» қайырымдылық қоры «Қайрат» ФК бас демеушісі болды. «Қайрат» ФК халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен Қазақстан футболын насихаттайды.

Халық лигасы

«Халық» қайырымдылық қоры ҚР Ұлттық баскетбол федерациясымен бірлесіп, 13 жылдан астам уақыт бойы «Халық лигасы» әлеуметтік жобасын табысты іске асырып келеді.

Футзалдан Чемпионат жобасы

2016 жылдан бастап «Халық» Қайырымдылық қоры футзалдан - студенттер арасындағы көпшілік спорт бойынша чемпионаттың бас демеушісі болады.

Үмiт Kубогы жобасы

«Үмiт Kубогы – Кубок Надежды» турнирі «Халық» қайырымдылық қоры мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қаржыландыратын «Халық лигасы» ауқымды әлеуметтік жобасының бір бөлігі болып табылады.

  • Instagram
  • Facebook
  • YouTube

©2021 HALYK қайырымдылық қоры

bottom of page