top of page

«Қайрат» футбол клубының жобасы

2021 жылы «Халық» қайырымдылық қоры «Қайрат» ФК бас демеушісі болды. «Қайрат» ФК халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды және Қазақстан футболын насихаттайды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасында балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту бойынша әлеуметтік саясатты белсенді жүргізеді. «Халық» қайырымдылық қорының көмегі футбол клубының келесі әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға бағытталған:

- Kairat Blind Football командасының Халықаралық және ішкі турнирлерін ұйымдастыру;

- Алматы қаласы мен Алматы облысының балалар үйлері арасында турнирлер ұйымдастыру;

- «Қайрат» ФК әйелдер командалары турнирлерін ұйымдастыру;

- Балалар үйлері мен аз қамтылған отбасылардың балалары мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін үй матчтарына жеңілдікпен бару;

- Академия жаттықтырушыларының балалар үйлерінен шыққан балаларға арналған көшпелі жаттығулары мен шеберлік сыныптары;

- Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін клубтың инфрақұрылымдық нысандарына экскурсиялар ұйымдастыру;

- «Қайрат» ФК мен қазақстандық эстрада жұлдыздары арасындағы қайырымдылық матчтары.

  • Instagram
  • Facebook
  • YouTube

©2021 HALYK қайырымдылық қоры

bottom of page