top of page

Футзалдан Чемпионат жобасы

2016 жылдан бастап «Халық» Қайырымдылық қоры футзалдан - студенттер арасындағы көпшілік спорт бойынша чемпионаттың бас демеушісі болады.

Бұл жарыс Ұлттық студенттік лиганың (ҰСЛ) қамқорлығымен өткізіледі. Бүгінде ҰСЛ қазақстандық жетекші жоғары оқу орындары мен колледждерді және еліміздің барлық студент жастарын біріктіреді. 

2018 жылдың тамыз айында «Халық» қоры футзалдан Әлем чемпионатын қолдады, онда әлемнің 17 елінен 25 үздік студенттік құрама – 16 ерлер және 9 әйелдер командалары жарысты. Команда құрамына тек студенттер ғана емес, сонымен қатар Еуропа мен Латын Америкасының жетекші клубтарының кәсіби ойыншылары да кірді. Мұндай чемпионат екі жылда бір рет Халықаралық Студенттік Спорт Федерациясының (FISU) қолдауымен өткізіледі. Қазақстанда ойындар Алматы қаласының Almaty Arena және Halyk Arena спорт алаңдарында өткізілді. Біздің еліміз алғаш рет студенттік футзалдан Әлем чемпионатын өткізгенімен, FISU өкілдері бұл ойындарды чемпионат тарихындағы ең жақсы ойын деп атаған. Қазақстан құрамасы чемпионаттың күміс жүлдегері атанып, лайықты нәтиже көрсетті. Қор оны өткізуге 50 млн. теңгеден астам қаражат бөлді.

  • Instagram
  • Facebook
  • YouTube

©2021 HALYK қайырымдылық қоры

bottom of page