Қайырымдылық қорының Инфрақұрылымдық бағдарламасы Қазақстан аймақтарында әлеуметтік инфрақұрылымды құруға және жаңғыртуға бағытталған. Бұл қайырымдылық қорының мектептер, балабақшалар, спорт залдары, ауруханалар, қарттар үйлері және басқа да көптеген әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарын қаржыландыратынын білдіреді.
Инфрақұрылымдық бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда адамдардың өмірі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, білім, ғылым, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау салаларын қолдау, азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту. Қор әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға байланысты жобаларды не толық қаржыландыруды, не қосымша қаржыландыруды қамтамасыз етеді.